КӨРКЕЙТУ-КӨГАЛДАНДЫРУ ЖӘНЕ АБАТТАНДЫРУ ЖҰМЫСТАРЫ

Бүгін, қала әкімі Нұрлыбек Машбекұлы қаламыздағы көркейту-көгалдандыру және абаттандыру бағытында атқарылып жатқан жұмыстарды бақылау мақсатында бірқатар нысандарды аралады. Қаламыздағы көпқабатты тұрғын үйлердің сыртқы бейнесін сәулеттік және эстетикалық талаптарға сәйкестендіру үшін, қала әкімдігі тарапынан жергілікті құрылыс компаниялары мен кәсіпкерлерге ұсыныс білдірген болатын. Бұл ұсынысты шынайы жанашырлықпен қабылдаған құрыш қолды құрылысшылар және кәсіпкерлердің қаржысы есебінен биылғы жылы 50-ге жуық көпқабатты үйлерге жөндеу жұмыстары жүргізіледі. Естеріңізге сала кетейік, былтырғы жылы осы әдіспен 100-ден астам көпқабатты үйлерге жөндеу жұмыстары жүргізілген. Яғни, бұл жұмыстарға бюджеттен мүлде қаржы жұмсалып жатқан жоқ. Негізінде, ҚР «Тұрғын үй қатынастары туралы» Заңының 35 бабының 2 тармағына, 50 бабының 1 тармағына сәйкес «Тұрғын үйді қалыпты жағдайда күтіп-ұстауға кететін шығынын (пайдалану шығыны) өзінің ортақ меншіктегі үлесінің көлеміне қарай өтейді және пәтер
Back to Top