Жүректі елжіреткен сәт... (Сәби туа сала анасын құшақтады)

Ана – дүниедегі ең ардақты жан. Ол – әлемдегі барша ізгілік пен мейірімнің, парасат пен тағылымның көрсеткіші. Ұлы Алла Тағала қасиетті Құранда: «Адамдарға ата-анасына жақсылық жасап, қарайласуды бұйырдық. Анасы қиыншылық үстіне қиыншылық көріп, оған жүкті болды. Екі жылда омыраудан айыруы (емшектен шығаруы) бар», – дейді («Лұқман» сүресі, 14-аятта). Кез келген ана баласының бақыты мен амандығы үшін жанын пида етуге әзір. Тіршілікте ананың баласына деген кемел сүйіспеншілігі мен қамқорлығына тең келетін сезім бар ма? Бұл ерекше мейірімді ұлы жаратушы Алла Тағаланың ең үлкен сыйы!
Back to Top