БҰҰ-МЕН ЫНТЫМАҚТАСТЫҚ НЫҒАЯ БЕРЕДІ

Бүгін Әл-Фараби атындағы ҚазҰУ-дың Басқарма басшысы – Ректоры Жансейіт Түймебаев БҰҰ-ның Қазақстандағы тұрақты үйлестірушісі Микаэла Фриберг-Стори ханымды қабылдады. Қадірменді қонақ халықаралық ұйым қызметі аясында Қазақстанда қолға алынған шаралар жайлы әңгімеледі. Жаһан жұртын бейбітшілік пен қауіпсіздікке шақырған ұйым миссиясын орындауда Әл-Фараби атындағы ҚазҰУ-мен бірге атқарылып жатқан ортақ жобаларға тоқталып, журналистика және халықаралық қатынастар факультеттерінің белсенділігі, оқу орны студенттерінің жоғары білім деңгейі мен қызығушылығын ерекше атап өтті.
Back to Top