«Қазақстанның киелі жерлерінің географиясы» жобасы

Ұлы Дала киелі жерлерге толы. Ол жерлерді қадірлеп-қастерлеу — ғасырлар бойы ұрпақтан-ұрпаққа жалғасып келе жатқан дәстүріміз. Ал Тәуелсіздік жылдарында бұл бағыттағы жұмыстар күрт жанданды. Соның ішінде, «Мәдени мұра» мемлекеттік бағдарламасы аясында сандаған тарихи-мәдени ескерткіштер мен нысандар жаңғыртылғанын көпшілік біледі. Елбасы Нұрсұлтан Назарбаев «Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру» атты бағдарламалық мақаласында жалпыұлттық қасиетті орындар ұғымының ерекше маңыздылығын атап өтті. «Қазақстанның қасиетті жерлерінің мәдени-географиялық белдеуі — неше ғасыр өтсе де, бізді кез келген рухани жұтаңдықтан сақтап, аман алып шығатын символдық қалқанымыз әрі ұлттық мақтанышымыздың қайнар бұлағы. Ол — ұлттық бірегейлік негіздерінің басты элементтерінің бірі» — деді Елбасы. Мақалада халық санасына жалпыұлттық қасиетті орындар ұғымын сіңіру мақсатында «Қазақстанның киелі жерлерінің географиясы» жобасы қолға алынатыны және оның ауқымды жоба болатыны айтылды.
Back to Top