“Ордабасы“ тағы чемпион бола алмай ма? Турловтың қателігі. Оле Бразил

Бүгінгі подкаст та от болды. Қонақтар - белгілі спорт сарапшылары Ермұхамед Мәулен мен Асқар Хамиден. Ұйқыңызды қиып көріп шықсаңыз өкінбейсіз. Тозығы жеткен ескі стадиондар мен миллиардтарға салынған сапасыз спорт кешендері туралы, балалар футболы жайлы айтылды. Жақында ғана ҚПЛ аясында өткен Астана - Ордабасы матчының нәтижесі сөз болды. Тарихында тұңғыш рет Қазақстан чемпионы атануға шақ тұрған Ордабасының алдағы мүмкіндігіне болжам айтылды. Ниеті түзу болғанымен, амалы “қисық“ бағдарлама - “Оле Бразил“ туралы да сөз болды. Спикерлер Қазақстан чемпионатын лигаларға бөлу мәселесіне де тоқталды. Подкаст жүргізушісі: Олжас Байбосын () Подкаст қонақтары: Ермұхамед Мәулен () және Асқар Хамиден () #футбол #подкаст #Ордабасы
Back to Top