Ұлан туған қаласы Талдықорғандағы мектепте ұстаздық етуді бастаған күннен-ақ ұстаз болу табиғатына жақын екендігін түсінді

28 жастағы Ұлан Үсенов 6 жылдан бері мектепте химия пәнінен сабақ береді. Екінің бірінің тісі батып, түсіне алмайтын пәнді тез ұғындыру әдісі туралы бұрыннан ойлап жүріпті. Соңында балалардың сүйіп көретін жапондық танымал «Наруто» мультфильмінің желісін пайдаланып, бейнероликтер түсіріп, Tik-Тok желісіне жүктей бастаған. Көп сөзден гөрі, нақты мысалмен түсіндіретін тәсілі аз уақытта көптің қолдауына ие болыпты. Оның жапондық аниме кейіпкерлерімен түсірген бейне роликтеріне балалар мен ата-аналар бірден қызығушылық танытып, Tik-Tok-ғы оқырмандары 240 мыңға жеткен. Ол өз сөзінде, туған қаласы Талдықорғандағы мектепте ұстаздық етуді бастаған күннен-ақ ұстаз болу табиғатына жақын мамандық екендігін бірден түсінгендігін жеткізді. Қазіргі уақытта 28 жастағы Ұлан Үсенов Алматы қаласындағы мектептердің бірінде химия пәнінің мұғалімі.
Back to Top