Қызылордада аналарынан айрылған жетімдер баспаналы болды
Жетімдер баспаналы болды! Тамыз айында қызылордалық Евгения Базаркинаның өмірі жайлы айтқан болатынбыз. Бойжеткен 18 жасында анасынан айырылып, кәмелетке толмаған сіңілісі және інісімен бірге далада қалулары мүмкін еді. Себебі, марқұм аналарының банкке 300 мың қарызы бар болған. Осыны желеу еткен жеке сот орындаушылар пәтерлерін арестке қойған. Салдарынан жергілікті билік апатты деп таныған үйдің орнына жаңа пәтерге Базаркиналар кезекке тұра алмады. Біздің эфирді көрген халық жетімдерге қаржылай көмек көрсете бастаған еді. Тек қазақстандықтар ғана емес, Евгенияға шет елден де жүректері мейірімге толы жандар хабарласқан. Міне, араға бір айдан аса уақыт салып отбасы түскен қаржатқа 3 бөлмелі пәтерге қол жеткізді.
🕕 #1tvkz #смотримвместе #жаңалықтар #бастыжаңалықтар #Қазақстан #Еуразия_бірінші_арнасы #коронавирус #коронавирусвказахстане #вирус #КАРАНТИН #COVID_19 #ЧП #сидидома #изоляция
Телеграм топ - Ең рейтингілі және бүкіл ел күтетін жаңалықтар!
20 views
1
1
4 years ago 00:01:52 51
Қызылордада аналарынан айрылған жетімдер баспаналы болды