Ту тапталды, домбыра сынды: дарақылыққа қашан тоқтау салынады?

Ел еңсесі езіліп, ұлттың ұнжырғасы түсіп қараша қайғыға батқанда, жығылғанға жұдырық болған жайттар жоқ емес. Билік бастап, бұқара қостап, бірауыздан бәріміз бірлікке шақырып жатқанда бүлікке үндеп, түлен түрткендер табылды. Ту тапталды, теңгеміз қорланды, ұлттық аспап пен ас атасы нан аяқ асты етілді. Қысқасы, құндылықтарымыз мазақ, жыларман қазақ болды. Дарақылықтың ешқайсысы ел алдында жауапқа тартылмады. Дорақтар мен Бораттар білгенін істеп, тентекті тезге салатын тетіктің, яғни заңның осалдығын бетімізге басты. Ел ағалары еңіреп, ұлт жанашырлары жылап қала берді.Бәрінің қолын байлап отырған өзіңе қатал, өзгеге бос ЗАҢ! Одан аттап өте алмайсың, жерден жік шыққанның жағасына жете алмайсың! Сонда не істеу керек? #1tvkz #смотримвместе #бастыбағдарлама #Қазақстан
Back to Top