Ұялы телефонға арналған қосымшалар қалай жасалады «Gamers IT»

Күн сайын миллиардтаған адам смартфон мен планшетті қажетіне пайдаланады. Көпшілік мобильді құрылғыдағы түрлі қосымшаларға жүгінеді. Тіпті уақытының 90 процентін соған арнайды. Сондықтан осындай қосымшалар жасайтын бағдарламашы-мамандарға сұраныс көп. Еңбек нарығында мұндай кәсіп иелерін мобаил дэвэлопэр деп атайды. Яғни, нағыз қажет мамандық. “Gamers IT“ бағдарламасы ұялы телефонға арналған қосымшалар қалай жасалатыны жайында Назарбаев Университетінің студенты Әділет Зейнекеннен білді.
Back to Top