Қазақ боксшысы Қанат Ислам АҚШ-тан елге оралды

Кәсіпқой ринг-тегі жиырма бірінші кездесуін де жеңіспен аяқтаған қазақ боксшысы Қанат Ислам бірер сағат бұрын АҚШ-тан елге оралды. Бірақ, Қанатты гүлден бұрын, қатаң күзет қарсы алды. Алматы әуежайындағы қауіпсіздікті күшейтіп, полицейлердің аяғынан тік тұруына Қанатты күтіп алуға келген халықтың көп жиналуы себеп болған. Кейбір жанкүйерлер тіпті, әуежайдың VIP залына арналған шыға берісінде түстен бері күтіп жүрді. Халықтың мұншалықты ықылас-пейіліне таң қалған батырдың көзіне еріксіз жас келді.
Back to Top