Мәжілістегі сын сағаты

Сөзі мен ісі бір-біріне сай келмейтін министрлерді студенттермен бірге бір оқытып алу керек. Бүгін Мәжіліс төрағасы бюджетті берекелі жұмсай алмаған министрліктерді сөзбен сыбап алды. Айтуынша, салаларға бөлінген қаражат игерілмеген, игерілсе де іс бітпеген. Ал Білім және ғылым министрі Асхат Аймағамбетов қажет болмаса да қордан қаржы алып, қай-қайдағы коворкинг-орталықтың отызын бір-ақ ашыпты. Қазіргі уақытта әр үтір арасында үнемдеу туралы айтып үлгеретін билік үшін бір теңгенің сұрауы бұрынғыдан сұрапыл сияқты. Карантиннен көтерем боп шығып, тиын санап отырғанымызда тағы қай министр қаражатты мақсатсыз жұмсады екен? ? #1tvkz #смотримвместе #жаңалықтар #бастыжаңалықтар #Қазақстан #Еуразия_бірінші_арнасы #коронавирус #коронавирусвказахстане #вирус #КАРАНТИН #COVID_19 #ЧП #сидидома #изоляция Телеграм топ - Ең рейтингілі және бүкіл ел күтетін жаңалықтар!
Back to Top