Арыс қаласында мемлекеттен көмек алмақшы болып, басыбайлы баспанасын балталап тастады делінген ер адамға қатысты ақпарат ойламаған жерден басқаша өрбіді. Үй иесі керісінше, мемлекеттік көмектен бас тартып, мұқтаж жандарға жәрдем берілуін осы әрекетімен талап етпек болған. Біздің арнаға сұхбат берген азамат, өзі туралы жалған ақпар тарағанын айтып, ағынан жарылды. Сонда әлеуметтік желілерге жар салған облыс әкімінің кеңесшісі жалған жазба жариялаған ба?
#1tvkz #смотримвместе #жаңалықтар #бастыжаңалықтар #Қазақстан