Браконьерлердің қолынан қаза тапқан инспектордың өліміне күдіктілердің кім екені анықталды

#КТКжаңалықтары Ішкі істер министрлігі мен Бас прокуратура табиғат қорғау иснпекторының өліміне қатысты істі жіті бақылауға алды. Тіпті, күдіктілердің кім екендерін де анықтадық деп отыр. Дегенмен, тапа-тал түсте аңмен қоса инспекторларды да жайпап кеткендер әлі ұсталған жоқ. Ал браконьерлердің қолынан қаза тапқан табиғат қорғау иснпекторы ертең жер қойнына тапсырылады. 53 жастағы Ерлан Нұрғалиев осы қызметте 2012 жылдан бері тер төгіп келген. #Қазақстан #браконьерлер #инспектор #өлім #ІІМ
Back to Top