Қазақстандықтар зейнетқордағы артық ақшасын қайда жұмсамақшы?

Зейнетақысының бір бөлігін алатын қазақстандықтар қаржысын қандай мақсатта жұмсайтыны белгілі болды. “Отбасы банкінің“ мәліметінше, қазіргі дейін 24 мың адам ақшаларын алуға өтініш білдірген. Оның 50 пайызы белгілі соманы ипотекасын толықтай, не бір бөлігін жабуға жұмсамақ ниетте. Ал, өзгесі ақша есепшотаны түссе, несие алмай-ақ баспана сатып алатынын айтқан. “Бірыңғай зейнетақы жинақтаушы қоры“ да қызық ақпаратпен бөлісті. Ондағы мамандар пенсиясының бір бөлігін алам деген 20 мың қазақстандықтың өтінішін мақұлдаған. Осылайша, қор бес күнде 112 миллиард теңгені оператор банктерге жібереді. Тағы 5 мың жанның өтінішін мақұлдамапты. Өйткені олар құжаттарың дұрыс толтырмай, алам деген соманың қате көрсеткен, сондай-ақ араларында өтінішті бірнеше рет қайта жібергенд ер де баршылық. 🕕 #1tvkz #смотримвместе #жаңалықтар #бастыжаңалықтар #Қазақстан #Еуразия_бірінші_арнасы #коронавирус Телеграм топ - Ең рейтингілі және бүкіл ел күтетін жаңалықтар!
Back to Top