Ахмет Байтұрсыновтың Орынбор архивінен табылған соңғы өлеңі
Ахмет Байтұрсынов - Файзоллаға хат
Файзолла достым аса қымбаттым,
Мұңменен азап жаныма батты.
Өтседе дәуір өкініш уы,
Асау өзендей толқыны қатты.
Өзіңе аяң өмірім ісім,
Көрдім ғой бейнет туған ел үшін.
Жабылған нақақ жаланы ойлаумен,
Өзегім күйіп, өртенді ішім.
Ой соқты болып қатты ғой басым,
Көзімнен көл боп ақты ғой жасым.
Серегелдең кешіп сарғайып санам,
Төбемнен тура түсті ғой жасын.
Көбейген шақта сақалдың ағы,
Кетті ғой тайып ағаңның бағы.
Темір құрсаулы түрмеге мынау,
Төртінші ретте қамалдым тағы.
Ана сүтімен ақындық дарып.
Жыр жазып едім отырмын налып.
Халық жауы боп қасырет шеккен,
Бүгінде енді менде бір ғаріп.
Езіліп жүрек, егіліп жүйе,
Өзіңе-өзің бола алмай ие.
Енесі өлеген ботадай боздап,
Өкінесің кеп өзегің күйе.
Дамылдап бір сәт табалмай тағат,
Кеттім ғой япырау қай жерден ағат.
Түсесің ойға иірде-шиір,
Елестеп көзге мақсат пен мұрат.
Оралып сонда туған жер ойға,
Бір ыстық сезім тарайды бойға.
Сағыныш тауын анама деген,
Теңегем бір сәт күн менен айға...
1,253 view
2108
899
1 year ago 00:01:08 389
#SQO_PD 5 қыркүйек — ұлт ұстазы Ахмет Байтұрсыновтың туған күні
6 years ago 00:06:38 30.2K
Ахмет Байтұрсыновтың абақтыда жатып, анасына жазған хаты - ұстаз Ерлан Ақатаев
6 years ago 00:16:56 17
Ахмет Байтұрсыновтың Файзулла Ишанга жазган олен
7 years ago 00:16:55 2.1K
Ахмет Байтұрсыновтың Орынбор архивінен табылған соңғы өлеңі