Жарты жыл құлдықта болған ана мен бала

Батыс Қазақстанда 51 жастағы әйел жарымжан қызымен бірге жарты жол бойы құлдықта болған. Гүлсім Хамитованың айтуынша, Бөрлі ауданындағы шаруа қожалықтарының бірінде ол малға қарап, үй жұмыстарын атқарған. Бірақ қожайын жалақы төлемей қойған. Керісінше, шешесі мен қызын ұрып-соғып жәбір көрсетіп келген. Айдың күннің аманында құлға айналған әйелдер әрең дегенде босап шыққандарын айтады. Бірақ, шаруа қожалығының иесіне қатысты әзірге ешқандай шара қолданбай отыр.
Back to Top