Айгүл Азатова

2018 жыл бойынша Тұңғыш Президент Қорының мәдениет пен өнер саласындағы жетістіктері үшін Лауреат атанғандар қатарында Түркістан облысының опера және балет театрының әнші-солисі Айгүл Азатова бар. Сыйлық Түркістан облысындағы опера өнерін дамытуға қосқан үлесі үшін тағайындалды. Алғашқы білімін Семей қ. Мұқан Төлебаев атындағы музыка колледжінде төрт жыл алған. Одан кейін Астанадағы қазақ ұлттық музыка академиясында «вокал» мамандығы бойынша тағы төрт жылы білімін жетілдіреді. Айгүлдің өзі өнері туралы «Анамның сүтімен дарыған, әкемнің ақылымен енген» дейді. Әншілік жолында 10 жылдан астам уақыт еңбек етіп келеді. Осы аралықта көптеген қойылымдарда басты рөлдерді сомдап үлгерді. Соның ішінде сұлу да ақылды Жібек болды. «Біржан-Сара» қойылымында домбырасын қаруға айналдырған Сара кейпін келтірді. Халыққа итальян композиторы Джоаккино Россинидің «Севильский цирюльниктегі» операсында ғашық бойжеткен Розина, Дж.Вердидің «Риголеттосында» жас Джильда ретінде танымал. #ҚазақстанРеспубликасыныңТұңғышПрезидентҚ
Back to Top