Жердің иесі Қазақ | Солтүстік Қазақстанға қазақтарды көшіремін | Теріскейге жорық | ЕҢБЕК АДАМЫ #34

#НартайАралбайұлы #NartayNews #НартайНьюс #nartaynews #Еңбекадамы 🔹Спикер: БУРАХАН ДАҚАНОВ Биыл Қазақстан қандастарды қабылдау үшін 2433 квота, солтүстік облыстарға қоныс аударатындар үшін 7050 квота бөледі. Мемлекет қандастар мен солтүстік облыстарға қоныс аударғандардың отбасы мүшелеріне бір рет 70 айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде ақша және үй жалдауға қаржы береді. Бұдан бөлек, билік кәсіби оқуға жіберіп, жұмысқа тұрғызуы, жеңілдікпен баспана алуға көмектесуі тиіс. Жалпы, 1991 жылдан бері елімізге шетелден 1 млн 128 мың қазақ оралған екен. Айта кететін жайт, кейбір өңірлердегі әлеуметтік-демографиялық және экономикалық ахуал әр қилы. Мысалға, оңтүстік, батыс өңірлер мен мегаполистерде халық саны айтарлықтай өсіп жатыр. Ал солтүстік өңірлерде керісінше төмендеу үрдісі байқалады. Бос жатқан жер жау шақырады. Сондықтан, теріскейдегі қазақтың үлесін арттыру қажет. Осы ұстанымды берік ұстанған Бураханды бүгінді танымайтын адам аз шығар. Теріскей бізге аманат деп, «Тәуекел» атты ұйым құрып, жан-жақтағы қазақты солтүстікке шақырып жүрген ұлтанды азамат - Бурахан Дақанов бүгінгі кейіпкер. Қазақстанда 2017 жылдан бері оңтүстіктен солтүстікке көш бағдарламасы жұмыс істеп, мыңдаған адам қоныс аударған. Билік осы арқылы қазақтар аз тұратын солтүстіктегі облыстарға оңтүстіктен халықтарды көшіруді көздеген. Дегенмен, күні кеше ел парламенті Сенатының төрағасы Мәулен Әшімбаев сол бағдарламаны сынап, күткен нәтиже бермеді деп мәлімдеді. Расында да, бағдарламаның аясында да, жалпы көшті жүргізу барысында да мәселе көп. Сол себепті болар, оңтүстіктен солтүстікке көшіп келушілер кейінгі жылдары азая бастаған. Оған тұрғын үй тапшылығы, жергілікті инфрақұрылымның дамымағаны, табысы жақсы жұмыстың болмауы және ауа райының қолайсыздығы сияқты бірқатар себептер бар. Бірақ, біздің кейіпкер Бураханның айтуынша, қиынның қиюын тауып, теріскейде де тәуір тұрмыс кешуге болады. Бастысы құнт қуатты болып, ерінбей еңбек етпек керек. 1917 жылғы Қазан төңкерісінің алдында өткен санақ қорытындысынан кейін Ахмет Байтұрсынұлы «Әлхамдулилла, аз емеспіз, 6 млн қазақпыз» деген еді. Бірақ, екі рет айналып соққан аштықтан сол қазақтың 2,5 миллионы қырылды, 1,5 миллионы шекара асып босып кетті. Одан кейінгі репрессия, екінші дүниежүзілік соғыс тала шаңырақ пен әулетті ортасына түсірді. Әр ашқтықтың бір тоқтығы бар деген. Тәуілсіздік алғаннан бері деміккен демографиямыз беті бері қарап келеді. 1991 жылы елдегі қазақтың саны 6,5 млн болса, қазір санымыз 14 млн-ға жетті. Шеттегі қазақтар тағы бар. Ендігі міндет – мемлекет құраушы ұлт қазақтардың санын солтүстік аймақтарда арттыру. Бұл үшін бүгінгі кейіпкеріміз Бурахан сияқты азаматтар аса қажет. Өзі айтқандай, теріске бізге аманат! “Еңбек адамы“ елеусіз қалмасын! Биыл біз тұтас фильмдер сериясын жасауға бел будық. Басты қолдаушымыз AMANAT партиясы. Кейіпкерлеріміз қарапайым қызметкерлер, бірақ үлкен жүректі, еңбекқор, өмірге құштар адал адамдар. Бұған дейін экрандардан тек өнерпаздар мен шенеуніктерді көретін едік. Бұл дұрыс болмады, олқылықтың орнын толтыру керек. Біз соны мойнымызға алдық. Бұйыртса 40 фильм жарыққа шығады. Көріңіздер! Интаграм: Фейсбук:
Back to Top