Диплом табыстау рәсімі

Бүгін Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетінің түлектері алғаш рет жаңа үлгідегі диплом алды. Биыл қарашаңырақты 6600 студент тамамдады. Оның ішінде 4 798-і бакалавр бітірсе, 1 611 жас ғылым магистрі атағын иеленді. Салтанатты жиынды Әл-Фараби атындағы ҚазҰУ-дың Басқарма Төрағасы – Ректоры Жансейіт Түймебаев ашты. ҚР Тәуелсіздігінің 30 жылдығы қарсаңында оқу бітірген жастарға арнаған құттықтау сөзінде университет басшысы Елбасының қанатты сөздерін мысалға алды. «Еліңнің ұлы болсаң, еліңе жаның ашыса, азаматтық намысың болса, қазақтың ұлттық жалғыз мемлекетінің нығайып-көркеюі жолында жан теріңді сығып жүріп еңбек ет. Жердің де, елдің де иесі өзің екеніңді ұмытпа!» деп Тұңғыш Президентіміздің барша азаматтарға, әсіресе, жастарға үлкен сенім артқанын жеткізді.
Back to Top