Елімізге Қытайдан жарты тоннаға жуық гуманитарлық көмек келді. Таңғы сағат 5-те Алматы әуежайына келіп қонған ұшақ толықтай дезинфекцияланып, ішіндегі заттары бірден қоймаға жеткізілді. Онда салмағы 540 келі болатын 65 қорап жинақталған. Мұндай жүктерге кедендік баж салығы салынбайтын болғандықтан, жеңілдетілген түрде өңделеді. Ал, тексеруге небәрі 10-15 минут қана уақыт кетеді екен. Бұған дейін елімізге Жапония, Түркия және АҚШ елдерінен де гуманитарлық көмек келген. Алдағы уақытта тағы да күтіп отырмыз дейді сырты істер министрлігінің өкілі. Жаңа келген медициналық жабдықтар тиісті жерлерге таратылады.
📺#1tvkz #смотримвместе #всегдаПервый #ПервыйКаналЕвразия #Новости #ГлавныеНовости #Итогидня #Казахстан #коронавирус #коронавирусвказахстане #кризис #карантин #ЧП #COVID_19
Телеграм группа - Самые рейтинговые и ожидаемые новости страны!