Ержан Еуропаны бағындырды

Арманыңнан қалма, бәрі де орындалғанша, қанатың сенің талғанша.. Бұл Польшада өткен балалар арасындағы Еуровижн байқауында шырқалған жерлесіміз Ержан Максимнің әні. Аты Еуровижн демесең жағырапиясы қарт құрлықпен шектелмеген ән додасында төрешілер қазақ баласын мықты деп таныған. Тек онлайн дауыс беруде ғана байқау қожайыны польша өкілінің бағы жанды. Ал Ержан орындаған Арманыңнан қалма әні құдды бір өзінің өмірлік һәм өнерлік жолына арналғандай. “Бар әлем саған жолын ашар.....“ Иә, бар әлем Ержанға жолын ашты қазір. Қазақтың қарабаласы қарт құрлықтың төрінде түрен салып екінші орынды иемденді. Екінші орын дейміз-ау, көпшілік басқа басқа емес, дәл біздің әншіні жеңімпаз санайтынын айтып та, жазып та жатыр. Болар бала жасынан көзге түспей ме. Ержан Максимнің алғашқы қадамдарынан бастап әлемді таңдай қақтырған, қол соқтырған қазіргі жұлдызды шағына дейінгі үлкен жолын Әсем Изатқызы шағын репортажға сыйғызып көрді. #1tvkz #смотримвместе #бастыбағдарлама #Қазақстан
Back to Top