Жаңа өрмекші адам 2: Кернеген қуат

Өрмекші-адам маскасын киген Питер Паркер бұрынғыдай әлемді зұлымдар мен қылмыскерлерден қорғауын жалғастырады. Бос уақытын сүйген қызы Гвенмен өткізеді. Алайда мектеп кезеңі аяқталып келеді, алда үлкен өмір күтіп тұр. Питер Гвеннің әкесіне қыздың өмірінен кетуге уәде берген болатын, бірақ уәдені орындау да оңай емес екен. Питерді жаңа қауіптер күтіп тұр. Ол Электро қуат деген жаңа жауымен кездеспек, сондай-ақ бұрынғы жолдасы Гарри Озборнмен жолығып, өз отбасы туралы жаңа нәрселер біледі.
Back to Top