Қазақ халқы Алтынбектің шын бағасын сезіне түсініп келеді

Ал, жыл өткен сайын, саяси оқиғалар алмасқан сайын, қазақ халқы Алтынбектің шын бағасын сезіне түсініп келеді. Хан Тәңірінің баурайында тауға қарап өскен ұлдың Хан Тәңірідей биік те кесек бітімі ел есінде мәңгі қалды. Арғы тарихтағы Күлтегіннің жырын оқып, бергі тарихтағы Әлихан, Мұстафалардың демократиялық күресін ту еткен тағдыр жолына бүгін тағы бір үңіліп өткенді жөн көрдік. Халқым үшін қара қанымды судай ағызып, ащы терімді жаңбырдай төктім. Елім үшін түнде көзімді ілмедім, күндіз белімді шешпедім
Back to Top