Еркек деп әдейі айтып отырмын. Қазақта «жігіт, ер, азамат» деген сөздер баршылық. Ол сөздерді бұл жерде қолдану орынсыз. Осы бір еркек деген сөздің о баста қадірі болса болған-ақ шығар. Уәдесін орындаған, сөзінде тұрған, ерлік жасаған адамды еркек дегені сөзсіз. Бұ күнде бұл атаудың қадірі жоқ. Аяқты алшаң басқанның, талтаңдағанның бәрі еркек. Оның үстіне итті де еркек, ұрғашы деп бөледі емес пе? Сол себепті де мен бұл жерде еркек сөзін арзандаған мағынасында қолданып отырмын. @Khabilet