«Ақылды» кімнен сатып алып жүрміз?

«Ақылдарын сатқыш» тренерлер мен психологтардың жұмысы жөнінде бір емес, бірнеше рет сөз қозғадық осыған дейін. Бизнес бастаудың қыр-сырын, бақытты болудың құпиясын үйрететіндерді қанша әшкере етсек те, халықтың сұранысы азаяр емес. Мейлі, әркімнің өз таңдауы ғой. Бірақ, аңқау елге арамза молда. Ешқандай білімі жоқ, өмірде түк жетістікке жетпеген біреу «мотивация беремін» деп, тренингтер өткізіп кетті үндемеген сайын. Бағасы да арзан емес. Сөйтсек, елімізде олардың қызметін бақылайтын бірде-бір заң жоқ екен. Тренер болғысы келетіндердің бәріне жол ашық. Олар кімдер? Не үйретіп жүр? Ешкім тексеріп жатқан да жоқ. #1tvkz #смотримвместе #сенбілікжаңалықтар #жаңалықтар #Қазақстан
Back to Top