Обыр опырып барады.

Обыр опырып барады. Еліміз бойынша жыл сайын 5000 – ға жуық азаматша сүт безінің обырына шалдығады. Жамбыл облысында 1368 әйел осы диагнозбен есепте тұр. Биылғы жылдың 9 айының өзінде сүт безінің обыры дертіне шалдыққан 144 науқас анықталып отыр. Бұл өткен жылмен салыстырғанда 3 әйелге артқан. Ол туралы өңірлік коммуникациялар қызметінің алаңында өткен брифингте Жамбыл облыстық онкологиялық диспансерінің бас дәрігері Абай Нұржанов мәлімдеді. Аурушаңдық төменгі көрсеткішін Қордай, Жуалы, Т.Рысқұлов аудандары бастап тұр. Өкініштісі, науқастардың көпшілігі аурудың бастапқы белгілері білінгенде емес, дерт дендеп, асқынған кезде келетін көрінеді. Қазіргі таңда қатерлі ісікті анықтау қиын емес. Себебі облыстық онкологиялық диспанесерде оған қажеттің барлығы бар. Осыған орай 6 қазаннан бастап Жамбыл облысында әйелдердің денсаулығын қорғау мақсатында сүт безі қатерлі ісігінің алдын алуға байланысты тегін тексерілу шарасы өтіп жатыр. Сондықтан, нәзік жандылар осы айдың 6 мен 27-сі аралығында тұрғылықты мекенжайлары
Back to Top