Қорқыттың соңғы тұяғы - Сматай Үмбетбай

ҚОШ БОЛ, ҚОБЫЗ ДӘУІРІ! Ұлы Қорқытпен бастау алып, араб басқыншылығына қарсы (хан, қарасы түгел басқыншы дінге мойын ұсынғанда) жалғыз өзі майдан ашып, араб, татар, сарт миссионерлерімен 1200 жыл (12 ғасыр!) соғысқан ҚОБЫЗ дәуірі аяқталды бүгін. Дүниеден Қорқыт қобызының иесі – Сматай сері көшті. Тәңірі – тарихтың дырау қамшысы – салт атты көшпелілерге семит халықтары секілді сансыз көп пайғамбарлар жіберген жоқ. Ол – адамзатты ақырдың күніне дейін алауыз қылып қойған, аврамдық діндердің миссионерлері қылыштың жүзімен, молда мен поптың улы уағызымен таратқан бір-бірінен көшірілген төрт кітап түсірген жоқ. Тәңірі – әуелде әуен түсірген еді түркі жұртына. Көшпелілер Көк Тәңірімен күй тілінде сөйлесті. Күй – Тәңірдің күбірі еді, қобыз – Тәңірдің елшісі еді. Сол себепті ол – байтақ сақарадағы ең таңдаулы өнерпазға қонатын. Алғаш ол абыз Қорқыттың даңғыл көкірегіне дарыды. Көкірегіне Тәңірдің сәулесі күй боп қонған Қорқыт абыз – ұзын аққан Сырдың мың үйірілген асау толқынына ұзақ ойлана қарап отырып, қара қобызын
Back to Top