«Қазақстан Тәуелсіздігі және Елбасы» конкурсы (2017)

Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президенті – Елбасының кітапханасы мен Қоры баспа және электрондық бұқаралық ақпарат құралдары қызметкерлері арасында Қазақстан Республикасының Тәуелсіздік күніне арналған «Қазақстан Тәуелсіздігі және Елбасы» тақырыбы бойынша таңдаулы материалдарға жыл сайынғы ашық конкурс жариялайды. Конкурс төрт номинация бойынша өткізіледі: «Үздік теледидар материалы»; «Үздік радиоматериал»; «Газеттер мен журналдардағы үздік мақала»; «Ғаламтор-БАҚ-тағы үздік жарияланым. Конкурсты өткізудің шарттары мен уақыты туралы барлық ақпаратпен , сайттары арқылы танысуға болады.
Back to Top