Полицейлер жарысы

Жараланған адамды тасымалдау, автоматты бұзып, қайта құрастыру және қашықтыққа жүгіру. Осының барлығы Петропавлда өткен “Полиция эстафетасы“ жарысында болды. Аталмыш сайыс тәртіп сақшыларының кәсіби мерекелері қарсаңында өтті. Жарысқа полиция бөлімшелері, мамандандырылған күзет қызметі басқармасы мен қылмыстық-атқару жүйесі департаментінің командалары қатысты. Жарыстың қызғаны соншалық жаңбырлы ауа райы да өз кедергісін келтіре алмады. Мамандар газқағар киіп жүгірді, Макаров тапаншасын бұзып-жинады, оқ-дәріні алып жүруді, жаралы адамды тасымалдауды, Калашников автоматын жинаудан сынға түсті.
Back to Top