Құрметті Өскемен және Семей қалаларының тұрғындары

Коронавирустық инфекцияның таралуына жол бермеу бойынша шаралар туралы ШҚО әкімінің өкіміне сәйкес төтенше жағдай режимі мерзімінің соңына дейін 2 сәуір күні сағат 00:00 бастап Өскемен және Семей қалаларының аумағында жүруге шектеулер енгізілгені Сіздерге белгілі. Өкімге сәйкес жеке автокөлікпен сенбі және жексенбі, сондай-ақ мереке күндері жүруге тыйым салынған. Тек арнайы көлік құралдары тиісті рұқсаттамаға сәйкес кедергісіз жүре алады. Аталған қалалардың тұрғындарынан осы қағидаларды қатаң сақтауды және полиция қызметкерлерінің талаптарына түсіністікпен қарауды сұраймыз.
Back to Top