Әлеуметтік көмектің әлегі

“Электронды үкімет“ жүйесі құрылғалы кезек, қағазбастылық, мұның бәрі өткеннің еншісінде қалды дейтін Үкімет пен біздің халық екі басқа елде өмір сүретін сияқты көрінеді. Сенбесе, Талдықорғанға барып көрсін. Жұмыспен қамту орталығындағы ұзын-сонар кезектің ұшы-қиыры көрінбейді. Ашуға булығып, айғайға басқан аналарды да түсінуге болады. Алты айда тапсыратын құжаттарын әлі өткізе алмай жүр. Кезек талоны үшін талас десем, жұмсағырақ айтқаным. Кәдімгі соғыс. Мұндай келеңсіздікке шыдай алмаған қызметкерлердің де жүйкесі сыр беріп жатыр. Басшысы бастап, қалғаны қоштап, тіпті жұмыс уақытында қолдарын бір сілтеп, жұмысын тастап кетпекші болды. #1tvkz #смотримвместе #жаңалықтар #бастыжаңалықтар #Қазақстан
Back to Top