Жезқазғандық азамат Қазақстанның жерін Ресейдің құрамына кіргізуді ұсынды

Ұлытау облысының тұрғыны Қазақстанның жерін Ресейдің құрамына кіргізуді ұсынды. Чат-рулетка әлеуметтік желісінде өзін жезқазғандық “Александр Сергеевич“ деп таныстырған азамат Қазақстанның солтүстігін Ресейдің территориясы деп санайтынын, реті келсе көрші мемлекетке Қазақстанның бүкіл аумағын қосу керектігін айтқан. Бұл бейнежазба әлеуметтік желіде тараған соң, Қазақстанның жерін тұтастай Ресейге беруді ұсынған азамат, “сол күні мас болып әзілдеп айттым“ деп ақталған. Алайда, Жезқазғанның бір топ тұрғыны оны жауапқа тартуды талап етіп отыр. Мұндай сепаратисттік көзқарасты адамнан қоғамды қорғап, Қазақстан азаматтығынан айыру керектігін айтқан. Ал Ұлытау облысының прокуратурасы қазір Ұлттық қауіпсіздік комитетінің Ұлытау облысы бойынша департаментімен сотқа дейінгі тергеп-тексеруге тіркеу үшін құжаттар жинақталып жатқанын жеткізді. Бізді әлеуметтік желіде оқыңыздар: Информбюро 31 @informburo31kanal Informburo kz @informburokz2022 Facebook - Instagram - Vkontakte - TikTok - @informburo31 Біздің сайт: және Біздің WhatsApp 7 777 331 31 31 #News #Kazakhstan #Жаңалықтар #Біздіңжаңалықтар #Нашиновости #Сегодня #Қазақстан #31канал
Back to Top