▶️ Үй қояны көжектеді, ҚОЯНДАР жайында қысқаша ақпарат 🐰🐰🐰#шортс #shorts #qaqpankz
ҰЙ ҚОЯНДАРЫ - Үй қояны ғана ін қазады, топ-топ болып тіршілік етеді. Көжегі көзі ашылмай, өте дәрменсіз, қызылшақа болып туылады. Кәсіптік маңызы бар, әуестік үшін де ауланады. Қоянның кейбір түрлері жайылымға, жеміс бағына, жас орманға үлкен зақым келтіреді. Кейбіреулері індет таратады. Қазақстанда кездесетін 3 түрі (ақ қоян, құм қоян, ор қоян) бар. Ақ қоян, негізінен, қалың қар түсетін Қостанай, Солтүстік Қазақстан, Павлодар және Ақмола облыстарындағы орманды далаларда, Қарағанды, Шығыс Қазақстан облыстарындағы таулы аймақтарда көптеп, ал Батыс Қазақстан, Ақтөбе, Алматы облыстарында сирек кездеседі.
____________________________________________________________
Қоянның іні
Жыл бойы жайылым жағдайына, қардың түсуіне орай, жыртқыштардың азды-көптігіне қарай қоныстарын ауыстырып отырады. Дене тұрқы 68 см, салмағы 5 – 6 кг-дай болады. Жазда түсі сұрғылт қоңыр, қыста түгелдей аппақ болып түлейді. Ақ қоян еті, терісі мен түбіті үшін ауланады;
____________________________________________________________
ҚҰМ ҚОЯНДАРЫ – қояндардың ішіндегі ең кішісі. Дене тұрқы 38 – 53 см, салмағы 1,5 – 2,5 кг. Арқасы мен бүйірі қоңыр, сұр, ал бауыры ақ түсті. Қазақстанда Арал Қарақұмы, Қызылқұм, Мойынқұмда және Қызылорда, Жамбыл, Түркістан, Маңғыстау облыстарындағы құмды жерлерде мекендейді. Қорегін іздеуге ымырт түскен кезде, түнде шығады. Ұйығуы қаңтар мен ақпанның аяғында басталады. Құм қояны – өте өсімтал, жылына 3 рет көбейеді, әр туғанда 1 – 9 көжектен табады.
____________________________________________________________
ОР ҚОЯНДАРЫ – қояндардың ішіндегі ең ірісі. Дене тұрқы 53 – 69 см, салмағы 3,5 – 5,8 кг. Артқы аяқтары алдыңғысына қарағанда екі есеге жуық ұзын. Түсі әр маусымда әр түрлі. Жазда және қысқа қарай құйрығында қара жолақ пайда болады. Қазақстанның батысы мен солтүстігінде, әсіресе Батыс Қазақстан, Атырау, Ақтөбе облыстарында таралған. Шөл, шөлейт, далалы жерлерді мекендейді. Тіршілік әрекеті іңірде және түнге қарай басталады. Жылына 2, кейде 3 рет, 3 – 9 көжектен табады. Қояндар көбейіп кетсе бау-бақшаға зиян келтіреді. Олар еті, терісі үшін ауланады.
____________________________________________________________
#kaiyrgali_ordabek #qaqpankz #аңшылық #үйқоян #далақоян #көжек #құмқоян #орқоян #шортс
1 view
1216
456
2 months ago 00:00:36 1
▶️ Маңғыстау | Айрақты тауы жайында қысқаша ақпарат #айрақта #airaqry #shorts #шортс #cover
7 months ago 00:03:40 1
Қазақстан картасында бүтін бір ауыл тасқыннан жойылып кетті
9 months ago 00:08:34 1
АРМАНДАРЫҢЫЗДЫ ОРЫНДАҢЫЗ: Мінсіз Өмірге апаратын оңай жол
10 months ago 00:03:14 1
«Халықтың қанын іштіңдер! Аш бала, тоқ баламен ойнамайды»
2 years ago 00:47:51 1
Астарлы ақиқат: Ойрандалған отбасы
2 years ago 02:31:00 11
▶ Шымкент Шоу Сахнада 20 - жыл 2022 | Жаңа бағдарлама 😂😂😂
5 years ago 00:03:01 1
Дабыл! Атышулы Алғабаста тоғыз қабатты үй тағы қисайды