Жыл басынан бері облыста интернет-алаяқтықтың 23 фактісі тіркелді

Алаяқтар тұрғындарға «жиналған қаражатқа әлдебіреулер қол сұққалы жатыр» деп айтып, ақшаларын басқа шоттарға аударуға мәжбүрлейді. Әбден сенген азаматтардың кейбірі несие алып та, соны белгісіз шотқа жібереді. Өткен жылы облыста 770-тен астам интернет-алаяқтық фактісі тіркелген. 372-сі «банктен қоңырау шалу» әдісі арқылы жасалыпты. Заң бұзатындардың көбісі шекараның арғы жағында отыр. Оларды анықтау оңай шаруа емес.
Back to Top