ХҚКО Маманы: дезинфекция жоқ, халық көп келеді

Елордада карантин енгізілгеніне қарамастан, халыққа қызмет көрсету орталығына құжат алуға ағылғандар саны азаймай тұр. Осы себепті, Алматы ауданындағы орталықтың 30-ға жуық маманы жұмысқа шығудан бас тартты. Айтуларынша, басшылық тазалық жұмыстарын тиісті деңгейде орындамайды, қарапайым медициналық масканың өзін күніне бір данадан ғана береді екен. Өз денсаулықтарына алаңдаған қызметкерлер қашықтан жұмыс істейін десе, жауаптылар еңбек демалысына немесе төленбейтін демалысқа шығыңдар деп талап қойып отырған көрінеді. #1tvkz #смотримвместе #жаңалықтар #бастыжаңалықтар #Қазақстан Телеграм топ - Ең рейтингілі және бүкіл ел күтетін жаңалықтар!
Back to Top