Наурыздан бастап теміржол билеттері қымбаттайды

Елімізде наурыздан бастап темір жол билеттері қымбаттайды. Монополист компания әлеуметтік маңызы бар бағыттарға қатынайтын пойыздардағы билет құнын 7 пайызға өсіргелі отыр. Бұл жайында «Жолаушылар тасымалы» акционерлік қоғамының ресми өкілі Мәди Мұхамедқали хабарлады. Осы жолғы қымбаттауға «Қазақстан темір жолы» мен еліміздің Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрлігі арасында жасалған «Тасымалдаушының шығыстарын ұзақ мерзімді субсидиялауға арналған шарттар» себеп болған. Соңғы рет билет бағасы былтырғы қыста дәл осындай сомаға өскен екен. Теміржолшылардың айтуынша, бұған дүрлігетіндей еш негіз жоқ. Көрші Өзбекстан мен Ресейдің темір жол билеттерінің құны біздегіден екі еседей қымбат көрінеді. Қосымша түсетін қаржыны теміржолшылар саланы дамытуға жұмсаймыз деп отыр. 🕕 #1tvkz #смотримвместе #жаңалықтар #бастыжаңалықтар #Қазақстан #Еуразия_бірінші_арнасы #коронавирус Телеграм топ - Ең рейтингілі және бүкіл ел күтетін жаңалықтар!
Back to Top