Дәмегүл Абиханова — ұлттық киімдер салонын ашқан табысты кәсіпкер. Медицина саласында 12 жыл қызмет еткен ол сүйікті ісіне толықтай көңіл бөлу үшін қызметінен бас тартады.
25 жылын кәсібіне арнаған іскер ханым бірқатар танымал тұлғаға ұлттық киім тіккен. Тіпті Испания патшайымымен кездесуге баратындардың да таңдауы Дәмегүлдің қолынан шыққан көйлекке түскен.
Кәсіпкер өз сұхбатында табысты болуының құпиясын ашты.