Бүгін баршаңызды “О, Ләйлә!“ фильмінің тұсаукесеріне шақырамыз. Кіру-ТЕГІН!

Сіздерді тұңғыш Талдықорғандық режиссерлік топтың түсірген «О, Ләйлә» атты көркем фильмінің тұсаукесер көрсетілімін бізбен бірге тамашалауға шақырамыз! Өтетін жері: Талдықорған қаласы, І.Жансүгіров атындағы Мәдениет сарайы Өтетін күні:19 наурыз, 2018 жыл Уақыты: 19:00. Фильм жас журналистің махаббат хикаясы жайында. Фильмді түсіру кезінде бюджеттің 1 тиыны жұмсалмады. Тек жетісулық дарынды жас режисердің бастамасымен қолға алынған туынды. Кіру - тегін. Асығыңыздар, орын саны шектеулі!
Back to Top