ПАЙҒАМБАРЫМЫЗ (صلى الله عليه وسلم) СІЗДІ ТАНУЫ ҮШІН ... | Шейх Хасан Әли

Пайғамбарымыздың (соллАллаһу ‘әләйһи уәсәлләм) Қиямет күні бізге шапағат еткенің қалаймыз. Ибн Мәджәда келетін хадисті білесіз бе? Сахих хадис. Әбдулла ибн Масғуд (родыйАллаһу ‘әнһу) Пайғамбарымызға (соллАллаһу ‘әләйһи уәсәлләм) сұрақ қояды. “Өзіңіз көрмеген үмметіңізді қалай танисыз?“ дейді. Сонда пайғамбарымыз (соллАллаһу ‘әләйһи уәсәлләм) оған, осы дүниеде дәрет алғандықтан үмметінің жүздері, дене мүшелері жарқырап, сол арқылы үмметін танитының айтады. Дәреттері себепті. Осы дүниеде намаз оқу үшін дәрет алсақ, ин шә Аллаһ, біздің жүзіміз бен қол-аяғымыз жарқырайтын болады. Егер Қияметте Пайғамбарымыз сізді бірден танығаның қаласаңыз, онда дәрет алып, намаз оқитындардан болыңыз. Пайғамбарымызды тек Роббиуль Әууәл айы болғасын немесе жұма күні болғасын ғана еске алмайық! Егер Пайғамбарымызға (соллАллаһу ‘әләйһи уәсәлләм) жақын болуды, Пайғамбарымыз сізді тануын қаласаңыз, онда дәрет алып, намазды әрдайым оқып жүріңіз, ин шә Аллаһ.
Back to Top