Маған айтып тұрсың ба_ Taxi Driver (1976) _ KAZ

Түнгі шамдардың бұлыңғыр жарығы, өз түтініне тұншыққан зауыттардың қаңқалары, зәулім үйлердің аспанға ұмтылған мұнаралары – осының бәрі жаңа замандағы Нью-Йорк. Ал Вьетнам соғысының ардагері Тревис Бикл түнгі қаланың шексіз көшелерімен таксиін жүргізіп келеді. Оның көз алдында адамзат күнәларының қараңғы бейнесі жайылып жатыр. Інжілдегі пайғамбарлар сияқты ол аспаннан құтқарушы жауын жауып, Нью-Йоркты белшесінен басқан кірден тазартады деген үмітте. Ал үміт үзілген кезде тек өшпенділік қалады. Күнәһарлардың төбесіне жалынды жауын жауады. Таксист мұны өз қолына алады.
Back to Top