ТӨРЕҒАЛИ ТӨРЕӘЛІ - Ақ Раушан (Тұсаукесер)

Төреғали Төреәлі - Ақ раушан (2020) Жүктеу: Арманыма бағыт бердің Кеудеме шам жағып бердің Күнде сені сағынатын Маған уайым тауып бердің Жүрегіңді танып көрдім Сымбатыңнан қауіптендім Жеңілгеннің жалауындай Аппақ гүлдер алып келдім [Қайырмасы] Ақ раушандар қуаныш боп келсін Ақ раушандар сырымды айтып берсін Гүлдерге емес, саған ғашық жанмын Ақ раушанды ұнататын сенсің Бәрін көзден білуің-ай Күміс үнмен күлуің-ай Табиғаттың кенжесіндей Желге іргеліп жүруің-ай Қызықтырған қылығың-ай Балдан тәтті шырының-ай Аппақ гүлдер, аппақ сезім Қабыл алшы сұлуым-ай [Қайырмасы] Ақ раушандар қуаныш боп келсін Ақ раушандар сырымды айтып берсін Гүлдерге емес, саған ғашық жанмын Ақ раушанды ұнататын сенсің Қате тапсаң, түзетуді комментке жаза салшы. Рақмет!
Back to Top