Ағымдағы жылдың 13 тамыз күні Облыстық жастар ресурстық орталығының ұйымдастыруымен аудандық жастар ресурстық орталықтарымен бірлесе Халықаралық жастар күніне орай «Соз қолыңды көмекке!» атты жастар акциясын өткізді.
Акция аясында Қурайлы ауылдық округінде су тасқынынан зардап шеккен отбасыларына көмек көрсетілді. Аталмыш акцияға облыстың 12 ауданынан келген 150-ге жуық жас көмек қолын ұсынды. Облыс әкімінің орынбасары Ербол Жолдасбекұлы құрылыс объектісіне келіп, жұмыс барысымен танысты.
15 отбасыға тұрмыстық техника табысталып, сондай-ақ жастар қалалық мәдениет үйімен бірлесе ауылдық округ тұрғындарына концерттік бағдарлама ұсынып, мерекелік көңіл-күй сыйлады. Акцияға атсалықан барша аудан жастарына алғысымыз шексіз!
#жасойыл #zhasuil #жасактобе #zhasaktobe