#АзияМедиаДиалогы

Астананың 20 жылдығына орай 10-12 шілде аралығында Елордада тұңғыш рет Азия медиа диалогы өтуде. Аталмыш шара Азия-Тынық мұхиттық хабар тарату одағы желісіндегі бірқатар іс-шараларды біріктірген 2018 жылдың ең ірі салалық халқаралық жобаларының бірі. Мұндай іс-шара тек Қазақстанда ғана емес, Орталық Азияда тұңғыш рет өткізілмек. Жоба шеңберінде «Radio Asia 2018» халықаралық конференциясы мен семинарлары, «Radio Asia Song Festival» халықаралық ән фестивалі және «Media 2020» халықаралық конференциясы (Еуропа хабар тарату одағымен диалог) ұйымдастырылмақ. #АзияМедиаДиалогы #RadioAsia2018 #RadioAsiaSongFestival #Media2020
Back to Top