Сайлау 2021. Полицияның қоршауында бастан кешкенім
Бүгін сайлау нәтижесі шығып, парламент мәжілісіне “Нұр Отан“, “Ақ жол“ және “Қазақстанның халық партиясы“ өтті. Әдеттегідей “Нұр Отан“ дауыстың басым бөлігін, 71,09%-ды иемденген. Сайлауда бірде бір оппозицияның болмауы, бұған дейінгі сайлаулардың сыйқына қарап-ақ нәтиже әу бастан белгілі еді.
Жексенбі күні сайлау қарсаңында түрлі оқиға болды. Мемлекеттік арналар, ресми органдар бәз баяғыша барлығы әділ өтті деп шындықты бұрмалады. Шын мәнінде не болғанын тәуелсіз бірер медиа ғана айтты. Сайлауда түрлі заңсыздықтармен қатар бірқатар тәуелсіз бақылаушының ПТР тестіне шүйлігіп, бөлімшеге кіргізбей, оларды қыспаққа алып, ұнамағандарын сайлау бөлімшесінен шығарып жіберді. Орталық алаңда өз ойын айтпақ болған белсенділерді арнайы жасақ қоршауға алып, 7-9 сағат бойы ешқайда жібермей ұстап тұрды. Ақыр соңында бірқатарын үсік шалып, жедел-жәрдем әкетті. Бүгінгі шығарылымда сайлау күнгі оқиғаларды қысқаша шолып өтіп, қорытындылайтын боламын.
563 views
297
88
3 weeks ago 01:13:51 131
Выборы США, Трамп, Украина.
5 months ago 00:16:04 1
ТЕНГРИАНСТВО ДРЕВНЕЕ МИРОВОЗЗРЕНИЕ ТЮРКОВ
2 years ago 00:10:03 1.5K
Гости «Мераба, Саба!»: Екатерина Клыпко, Эмир Ибрагимов. Выпуск от