Мамандар: Коронавирустың беті қайтқанымен, карантин шектеуі алынбасын

#КТКжаңалықтары Коронавирустың беті қайта бастады. Денсаулық сақтау министрлігі көптен күткен қуанышты жаңалықтарымен бөлісті. Мамандар тіпті індеттің таралу қарқынын пайыздық көрсеткішпен есептеп шыққан. Десе де Covid-19 бәсеңдемей жатқан аймақтар да бар. Мәселен, Атырау облысындағы Теңіз кенішіндегі жұмысшылар арасында вирустың таралуы тоқтамай отыр. Ал Павлодарда 57 жастағы тұрғын аталмыш індеттен қайтыс болды. Екі апта бойы жасанды тыныс алу аппаратымен дем алып жатқан оның ақыры беті бері қарамаған. #коронавирус #coronavirus #COVID19 #карантин #Қазақстан
Back to Top