Әйелдер арасында жемқорлық жайттары жиілеген

Елімізде әйелдер арасында да жемқорлық фактілері жиілеген! Бұл туралы сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігі мәлімдеді. Мәселен 2019 жылы 256, 2020 жылы 336 әйелге қатысты іс қаралған. Олардың арасында лауазымды тұлғалар бар. Шенді әйелдерге қомақты қаржыны жымқырған деген айып тағылған. Сондай-ақ, бүгін Маңғыстау облысы Денсаулық сақтау басқармасы басшысы өз қызметін асыра пайдаланғаны үшін қамауға алынғаны расталды. Агенттіктің мәліметінше, ол облыс аумағында Covid-19 инфекциясының алдын алу және таратпау бойынша бөлінген қаражатқа басқа медициналық жабдықтар сатып алмақ болған. 🕕 #1tvkz #смотримвместе #жаңалықтар #бастыжаңалықтар #Қазақстан #Еуразия_бірінші_арнасы #коронавирус Телеграм топ - Ең рейтингілі және бүкіл ел күтетін жаңалықтар!
Back to Top