Зорлық! Балқашта 7 жасар қыз үлкеннен көрген қорлығын айтып ботадай боздады

#КТКжаңалықтары Балқашта 7 жастағы қызды зорлау фактісі бойынша қозғалған қылмыстық үлкен дауға себеп болды. Басты күдікті ретінде қамауға алынған 44 жастағы қала тұрғыны тергеу кезінде өлім аузынан қалған. Полицейлерден оңбай таяқ жеген Аманжол Әлібаевтың жанын дәрігерлер әрең алып қалыпты. Соның салдарынан істі жүргізген шенділердің өзіне қатысты да қылмыстық іс қозғалды. Күдіктінің туғандары оның кінәсіз екеніне сенімді. Ал ес біліп қалған бүлдіршіннің өзі үлкеннен көрген қорлығын айтып ботадай боздайды. Тілшіміз қаршадай қызды тілге тартып, куәгерлермен де сөйлесіп келді.       #зорлық #Балқаш #бала #қыз
Back to Top