Вирусты екінші рет жұқтырғандар бар

Батыс Қазақстан тұрғыны коронавирусты екінші рет жұқтырған. Сәуір айында ғана дерттен емделіп шыққан әйел адам тамыз кезінде қайтадан ауырып қалыпты. Бұл туралы бүгін өңірдің денсаулық сақтау басқармасы мәлімдеді. Сондай-ақ бұдан былай Солтүстік Қазақстанда да карантиндік шаралар күшеймек. 9 қарашадан бастап өзге қалаларға шығу үшін аймақ тұрғындары міндетті түрде вирусқа тест тапсыруы қажет. Мамандар індет жұқтыру көрсеткіші елімізде 2,6 есе артқанын айтуда. Өкініштісі, өсім республиканың барлық аймағында қарқын алып келеді. 🕕 #1tvkz #смотримвместе #жаңалықтар #бастыжаңалықтар #Қазақстан #Еуразия_бірінші_арнасы #коронавирус #коронавирусвказахстане #вирус #КАРАНТИН #COVID_19 #ЧП #сидидома #изоляция Телеграм топ - Ең рейтингілі және бүкіл ел күтетін жаңалықтар!
Back to Top