Карантинде бостандықтың қадірін түсіндім

Елорданың карантинге жабылғанына бүгін – 25 күн. Психологтар кез келген жағдайға бейімделуге шамамен осынша уақыттың қажеттігін айтады. Басында төрт қабырғаға сыймаған жұрт жеке басының, ет жақындарының қауіпсіздігі үшін бұған да біртіндеп көндіге бастағандай. Дегенмен, терезеге телміріп, қамалып отыру ешкімге де оңай соғып жатқан жоқ. Осы күндері кей отбасылардың беріктігі сынға түсіп жатса, ал кейбірі керісінше карантинге дейінгі бостандықты, шексіз мүмкіндіктерді бағаламағанын айтуда. #1tvkz #смотримвместе #сенбілікжаңалықтар #жаңалықтар #Қазақстан
Back to Top