Қаракеткен ауылының оқушылары жаңа оқу жылына дайындалмаған мектепте білім алып жатыр

Қызылорда облысы Жалағаш ауданы Қаракеткен ауылының оқушылары жаңа оқу жылына дайындалмаған мектепте білім алып жатыр. Күрделі жөндеуге бөлінген мемлекет қаражатын мердігер мекеме уақытында игеріп үлгермеген. Білім саласының басшылары болса, жұмысты жіті қадағаламаған. Нәтижесінде балалар қауіпті аймақта білім алуға мәжбүр. Жөндеуі аяқталмаған мектептің бір жағында сабақ жүріп жатса, екінші жағында құрылыс жүріп жатыр
Back to Top